Туристердің көңілін қалдырған демалыс орындары - kaz.caravan.kz
  • $ 491.37
  • 570.48
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Туристердің көңілін қалдырған демалыс орындары

Туристердің көңілін қалдырған демалыс орындары

Париж, Лос-Анджелес, Венеция, Дубай, Мысыр пирамидалары мен Стоунхендж туристердің көңілін қалдырған демалыс орындарының қатарына енді.

  • 4 Желтоқсан 2014
  • 823
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы интернет арқылы жүргізілген сауалнама нәтижесіне сілтеме жасай отырып The Daily Mail басылымы хабарлады.
Мысыр пирамидаларының бұл тізімге енуіне олардың «қаладағы қарбалас тірлік пен у-шуға тым жақын орналасқаны» түрткі болыпты. Сондай-ақ, туристер үнемі бірдеңесін өткізіп, ақша табуды ғана ойлайтын жергілікті тұрғындардың мазасыз мінезінен мезі болған көрінеді.
Жыл сайын миллиондаған туристі қабылдайтын Стоунхендж ескерткіштері «көлемінің кішкентайлығы мен оған жақындап бару мүмкін еместігіне» байланысты туристердің көңілінен шықпай отыр. Саяхатшылардың пікірінше, сонша уақыт жүріп, Стоунхенджге барудың қажеті жоқ деген байлам жасапты.
Зерттеуге қатысушылар жыл сайын 32 млн астам турист баратын Парижді «Жер бетіндегі ең нашар қала» деп атаған. Франция астанасы бұл атауға «тұрғындарының туристерге дөрекі мінез көрсетуіне» байланысты ие болып отыр. Сонымен қатар, олар бағаның қымбаттығы мен қаланың ластығын да атап көрсеткен.
Сауалнамаға қатысушылар Венецияны «туристерге арналған алып тұзақ» деп есептейді. Себебі, танымал каналдар тым лас, қалада халық өте көп, ал орталықта тамақ пен сусынның бағасы «ұшып тұр».
Туристердің көңілін қалдырған елдер мен нысандар тізіміне Дубай Тәж-Махал, Ниагара сарқырамасы, Таймс-сквер, Бали және Ямайка аралдары да еніп отыр.