Барак Обаманы Американың 17 штаты сотқа берген - kaz.caravan.kz
  • $ 491.37
  • 570.48
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Барак Обаманы Американың 17 штаты сотқа берген

Барак Обаманы Американың 17 штаты сотқа берген

Американың Техас бастаған 17 штаты 5 миллионға жуық заңсыз иммигрантты депортациядан қорғағаны үшін Барак Обаманы сотқа берген.

  • 4 Желтоқсан 2014
  • 323
Фото - Caravan.kz


Олардың айтуынша, президент бұл әрекетімен ел конституциясына нұқсан келтіріп отыр, деп жазады жергілікті БАҚ.
Техастың Бас прокуроры Грег Эбботтың айтуынша, «президент конгресс тарапынан қабылданған заңдарды орындаудан бас тартып, ешқандай құқығы жоғына қарамастан заңдарды қайта жазуға тырысып жатыр».
АҚШ-та Б.Обаманың иммиграциялық реформа туралы ұсынысы үлкен дау тудырған болатын. Президент АҚШ-та бес жылдан астам уақыт тұрған шетелдіктерді депортациялаудан босату мерзімін үш жылға ұзартуды ұсынды.