Бұл туралы «Азық-түлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Сәбит Қашқымбаев мәлім етті.
«Біз тұқым тапшылығына тап болған шаруа қожалықтарын білеміз. Жалпы, 150 мың тоннаға жуық тұқым жетіспейді», — деді ол бейсенбідегі брифингте.
Бұл бастапқы мәліметтер ғана және көрсеткіш алдағы уақытта өзгеруі мүмкін, деп қосты ол.
«Азық-түлік корпорациясы» тапшылықты шаруа қожалықтарын қаржыландыру арқылы шешуді көздеп отыр. Ол үшін біз фермерлерден бидайды форвардтық тәсілмен сатып аламыз, деді С.Қашқымбаев.