Алматыда жеңіл рельсті көлік жүйесін салуға 635 млн доллар қажет - kaz.caravan.kz
  • $ 491.37
  • 570.48
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жеңіл рельсті көлік жүйесін салуға 635 млн доллар қажет

Алматыда жеңіл рельсті көлік жүйесін салуға 635 млн доллар қажет

Алматыда жеңіл рельсті көлік жүйесін салу жобасы 635 млн долларға бағаланып отыр.

  • 4 Желтоқсан 2014
  • 387
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы  «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ хабарлады.
Оның ішінде 485 млн доллар жүйені салуға, 146 млн доллар пойыздар сатып алуға, 4 млн доллар жерді сатып алуға және бұзылатын ғимараттарға өтемақы ретінде жұмсалады.
Бастапқы жоспар бойынша, 2015 жылдың І тоқсанында жоба техникалық, қаржылық және заңдық тұрғыдан бағаланады. Ал, ІІ тоқсанда бастапқы құжаттар әзірленбек. Конкурстық құжаттар 2016 жылдың І тоқсанында дайын болған жағдайда ІІ тоқсанда жүйені салу жөнінде тендер өткізілуі тиіс.