«Биолакто-С иммун» деп аталатын инновациялық жоба редукцияланған қанттың тым жетілдірілген нұсқасы деп айтуға болады. Кәдімгі айранға бір шай қасық ұнтақтан қоссаңыз керемет қойыртпақ болып шыға келеді, сүтке қоссаңыз алдыңызда балмұздақ дайын. Өнімнің бағасы бірнеше есе арзан болады. Қатардағы өнімдерден айырмашылығы, ағзаға мүлдем зияны жоқ, табиғи болмысын сақтап қалатындықтан, керісінше адамның иммундық жүйесін күшейтеді. Қазір өнімге АҚШ, Ресей, Қытай сияқты мемлекеттер қызығушылық білдіріп отыр, деп жазады 24.kz.