Тернердің кенеп матаға салған суреті Sotheby's бәссаудасында 47 млн. долларға сатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 491.37
  • 570.48
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тернердің кенеп матаға салған суреті Sotheby's бәссаудасында 47 млн. долларға сатылды

Тернердің кенеп матаға салған суреті Sotheby's бәссаудасында 47 млн. долларға сатылды

Белгілі британдық суретші Уильям Тернердің «Авентин төбесінен Римнің көрінісі» картинасы Лондонда өткен Sotheby's бәссаудасында рекордтық баға - 47,4 миллион долларға сатылды. 

  • 5 Желтоқсан 2014
  • 285
Фото - Caravan.kz

Осылайша ол британдық шеберлердің аса жоғары бағаланған туындысына айналды.

Уильям Тернер (1775-1851) — романтикалық пейзаждағы шебер, акварельші және оюшы. «Авентин төбесінен Римнің көрінісі» картинасы жекеменшік коллекцияда болған, ол Sotheby's бәссаудасының «Ежелгі (көне) шеберлер» саудасында 30,3 миллион фунт стерлингке сатылды. Оның бастапқыдағы бағалау құны  15-20 миллион фунт стерлинг болды», — деп хабарлады РИА Новости.

Суретшінің осыған дейінгі рекорды «Қазіргі Рим — Кампо Ваччино» картинасы болған. Оны Лондонда  Sotheby's бәссаудасында Американың Гетти мұражайы 2010 жылдың шілдесінде 29,72 миллион фунт стерлинге (44,9 млн. доллар сатып алды.