Қытай Қазақстанда ядролық отын өндіретін зауыт салуға дайын - kaz.caravan.kz
  • $ 491.37
  • 570.48
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытай Қазақстанда ядролық отын өндіретін зауыт салуға дайын

Қытай Қазақстанда ядролық отын өндіретін зауыт салуға дайын

Қытай Қазақстанда ядролық отын өндіретін зауыт салуға әзір. Бұл туралы ҚХР астанасында өткен энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселесіне арналған 8-ші Қазақстан-Қытай кеңесінде Қытайдың Ұлттық ядролық корпорациясының директоры (CNNC) Цао Шудун хабарлады. 

  • 5 Желтоқсан 2014
  • 552
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, ядролық технологиялар экспорты — Қытайдың мемлекеттік стартегиясы. «Біз өз өнімдерімізді Пәкістан, Аргентина сынды елдерге экспорттауға ынталымыз», — деді ол.

Цао Шудунның айтуынша, CNNC 2000 жылдардан бері уран ресурсын өндіруде «Қазатомпроммен» ынтымақтастықты кезең-кезеңімен нығайтып келеді.

Сондай-ақ ол Қазақстанның табиғи уранын Қытайға экспорттау бойынша нәтижелі жұмыстар атқарылғанын айтты. Тараптар 10 жыл ішінде аталған шикізат өнімін тасымалдау туралы келісімге қол қойған.