Қазақстан халқы Ассамблеясының Астана қалалық хатшылығының хабарлауынша, фестивальға елордалық этнобірлестіктердің өкілдері (әншілер, вокалдық топтар, хор ұжымдары, музыканттар) қатысып, қалалық филармонияның сүйемелдеуімен өз өнерлерін ортаға салады.
Шараның мақсаты — мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мәдениетке, дәстүрге деген құрметті қалыптастыру. Фестиваль соңында "Астанадағы бейбітшілік пен келісім жол картасы" кітабы таратылады.