Айдай Исаева «Әлем аруы - 2014» жартылай финалында өнер көрсетті (ФОТО) - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Айдай Исаева «Әлем аруы - 2014» жартылай финалында өнер көрсетті (ФОТО)

Айдай Исаева «Әлем аруы - 2014» жартылай финалында өнер көрсетті (ФОТО)

Қазақстандық Айдай Исаева «Әлем аруы-2014» конкурсының жартылай финалында ұлттық киіммен өнер көрсетті. Бұл туралы конкурстың ресми сайты хабарлады.

  • 23 Қаңтар 2015
  • 715
Фото - Caravan.kz


Әлемдік арулар байқауының жартылай финалы кезеңі телевидениеден көрсетілген жоқ, бірақ та қазылар алқасы финалға 16 қызды іріктеп алды, ол 25 қаңтарда Майамиде (АҚШ) өтеді. «Әлем аруы» атағы үшін сынға түсетін он алты қатысушының есімдері конкурстың тікелей эфирде көрсетілетін финалында жарияланады.

Жартылай финалда әлемнің түпкір-түпкірінен бақ сынаған 88 ару сахнада өз өнерлерін паш етті.

Біздің отандасымыз сахнада өзін сенімді ұстап, финалға өтуге үміттенуде.

Еске сала кетейік, 25 жастағы Айдай бұған дейін «Шымкент аруы-2008», «Алматы вице-аруы-2013», «Қазақстан аруы-2013» атақтарын жеңіп алған болатын. 

2 

3 

4 

1 

5 

7  

Перейти к новостям спорта