1 наурызда Бейбітшілік және келісім сарайында барабаншылардың ғажайып шоуы — әлемдік деңгейдегі әйгілі жапондық «Yamato» тобының концерті өтеді, деп хабарлады ұйымдастырушылар.
Бұл топ 1993 жылы Нара әкімшілік-аймақтық жағында саңлақ Masa Ogava жетекшілігімен құрылған еді және атағы Жапониядан да әрі асып, әйгілі болды. Ямато — жапон мемлекетінің көне атауы. Бұған қоса ғажайып үйлесім, бейбітшілік деген де мағына береді. Жапониядағы дәстүрлі барабан музыкасының тарихы барабаншылардың шайқас алдындағы әскерлердің рухын көтеретін кезден бастау алады. «Yamato» ансамблінің негізгі аспабы болып саналатын тайкобарабанының қазіргі кейпі 13 ғасыр бұрын жасалған. Аспаптың тысы ағаштың бүтін бір бөлігінен жасалады. Тайконың диаметрі 2-3 метр екендігін ескерер болса, онда осыдан-ақ мұндай аспаптың қандай ғажап дыбыс шығаратынын аңғаруға болады. Ансамбльде бір мезетте ондаған барабаншылар екеуге дейін ойнай алады.
Топ әлемнің 51 елінде мыңдаған концерттер берді. Әртістердің гастрольдік сапарлары жылына 6 айдан 10 айға дейін созылады және осылай 20 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді. Әлемдегі барлық халық олардың концертін асыға күтеді, өйткені музыканттар қуатты алапат күшпен жапон мәдениетінің қайталанбас бояуын шоу ретінде көрсете біледі.
3 наурызда «Астана Опера» театрының камералық залында «Чио-Чио-сан көктемді күтуде…» атты өнер майталмандарының концерті болады. Жапондық, қазақстандық авторлардың шығармалары, сондай әлемдік классика жауһарлары орындалады. Концертке Қазақстанның әйгілі орындаушылары: ҚР еңбек сіңірген қайраткері, фестивальдің көркемдік жетекшісі Тимур Орманшиев (фортепиано), Р.Тебальди — М. дель Монако (Италия) вокалдың халықаралық академиясының оқытушысы Нино Лежава, (сопрано), ҚР еңбек сіңірген қайраткері Азамат Жылтыркөзов (баритон), Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының доценті Арман Тілеубергенов (фортепиано), Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының солисі Ермек Құрманаев (виолончель), ҚР мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің концертмейстері Еркебұлан Сапарбаев (скрипка) қатысады.
Бірінші фестиваль маусымы 2011 жылдың күзінде өтті және көрерменге бұрын-соңды болмаған зор қызығушылық тудырды. Содан бері көрермен әр концертті асыға күтетін болды.