Ақтаулық ата-ана 3 баласын жын-ойнақтың ортасында өсірген - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтаулық ата-ана 3 баласын жын-ойнақтың ортасында өсірген

Ақтаулық ата-ана 3 баласын жын-ойнақтың ортасында өсірген

Ақтауда 3 баласын жын-ойнақтың ортасында өсіріп жатқан ерлі-зайыптылардың ата-аналық құқығы шектелуі мүмкін. Жасөспірімдердің қоңыз бен қандала басқан үйде, маскүнемдермен бірге тұрып жатқанын сәрсенбі күні көрсеткен едік. Әлеуметтік қызметкерлер содан кейін ғана бас көтеріп, 5, 9 және 11 жастағы балаларды алып кетті. Енді олар уақытша бейімдеу орталығында мекендемек. Ал ата-анасына түзеліп, үйін ретке келтіру үшін тағы уақыт берілді.

  • 7 Наурыз 2015
  • 537
Фото - Caravan.kz

5-тегі Виолетта, 9 -дағы Саша мен 11 жастағы Вованың тағдыры туралы бейнематериалдан соң әлеуметтік қызметкерлер мен полиция берекесі кеткен шаңыраққа бас сұқты. Бұл жолы отанасы ішпепті, бірақ отағасы тағы мас. Ал, пәтер сол баяғы шашылған күйі. Қоңыз бен қандала өріп жүр.

Сол маңайдағы дүкен иесі берген киім-кешек пен азық-түлікті де маскүнем әке-шеше араққа айырбастап жіберген. Ал, балаларды алып кетуге келген әлеуметтік қызметкерлерді анасы қорқытумен болды.

Ішімдікке салынған ерлі-зайыптылардың ата-аналық құқығын шектеу мәселесі бір жыл бұрын да көтеріліпті. Бірақ сот оларға түзелуіне мүмкіндік беріп, 3-уін де отбасында қалдыруға шешім шығарған. Содан бері бұл отбасы учаскелік инспекторлардың бақылауында. Олар аталған шаңырақтың әлдеқашан маскүнемдердің ордасына айналғанын айтады. Сондықтан әлеуметтік қызметкерлер балаларды бірден алып кетті.

Светлана Төлебаева, Ақтау қалалық білім бөлімінің басшысы:

— Енді кәмелеттік жасқа толмағандардың комиссиясына жасөспірімдердің ісімен айналысатын бөлімнен құжаттар түсіріледі де, комиссияда қаралып, ата-ананың уақытша құқын айыру туралы сотқа материалдар беріледі.

Қазір балалар жасөспірімдерді уақытша бейімдеу орталығына орналастырылды. Олардың әке-шешесін ата-аналық құқынан айыра ма, шектей ме оны сот шешетін болады. Егер тек құқығы шектелсе, балаларды 6 айдан соң қайтарып алуға мүмкіндіктері бар. Ал, бұл уақытта полиция қызметкерлері ерлі-зайыртыларды маскүнемдіктен мәжбүрлі түрде емдеуге жібермек.