Монғолияда өмір сүру жасы өсті - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Монғолияда өмір сүру жасы өсті

Монғолияда өмір сүру жасы өсті

2014 жылғы статистикалық деректерге сай Моңғолиядағы өмір сүрудің орташа жасы өсті, деп мәлімдеді кеше Монғолия президенті Ц.Элбэгдорж «Ана даңқы» форумында.

  • 9 Наурыз 2015
  • 318
Фото - Caravan.kz


1989 жылы елдегі  өмір сүрудің орташа ұзақтығы — 63, ал  өткен жылы 69 жасты құрады.

Президент Ц.Элбэгдорж аналарға күміс монеталарды сыйлады. Бұл монеталар Монғолиядағы үш миллионыншы тұрғынның тууына арналған. Бұл ел тұрғындарының саны ағымдағы жылы қаңтардың аяғында  3 млн адамға жетті. Миллионыншы азамат Моңғолияда  1962 жылы, екі миллионыншы азамат 1988 жылы туған, деп хабарлады Синьхуа.