Дүниеге келген уақытыңызды қалай білуге болады: Алматы тұрғыны жолын тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дүниеге келген уақытыңызды қалай білуге болады: Алматы тұрғыны жолын тапты

Дүниеге келген уақытыңызды қалай білуге болады: Алматы тұрғыны жолын тапты

Көптеген қазақстандық жеке құжаттары, медициналық карталары үшін немесе жай ғана қызығушылықпен өздерінің дүниеге келген нақты уақытын білгісі келеді. Алайда аналары нақты уақытты ұмытып қалса, ал перзентхана биркасы әлдеқашан жоғалған.

  • 25 Мамыр
  • 5
ФОТО: ЖИ

Алматы тұрғыны бұл мәселенің оңай шешімін тапты. Tengri Life Денсаулық сақтау министрлігінен архивтерде бұл деректердің расымен сақталатынын және оларды қалай алуға болатынын анықтады.

Мән-жайы

28 жастағы алматылық бойжеткен әлеуметтік желіде өзінің туған сағатын ұзақ уақыт бойы білуге тырысқанын айтып берді. Ескі перзентхана биркасын табудан үмітін үзген ол мемлекеттік қызметтер порталы арқылы қалалық денсаулық сақтау басқармасына ресми сауал жолдауды ұйғарады. Бойжеткен нақты уақыты көрсетілген архивтік жауап келесі күні-ақ келгенін айтады.

Скриншот: Threads

Бұл туралы әлеуметтік желідегі жазба 300 мыңға жуық қаралым жинады. Пікір қалдырушылар ұқсас оқиғаларымен бөлісе бастады — көбі өздерінің туған уақытын білмейтінін және оны перзентхана архивтері арқылы табуға тырысқандарын айтты.

  • «Мен 1983 жылы туғанмын, мен де нақты уақытын білмеймін. Қазір Астанада тұрамын, ал Ақтөбеде дүниеге келгенмін. Анам менің өтінішім бойынша перзентханаға барған еді, бірақ оған ақпараттың мұнша уақыт сақталмайтынын айтыпты. Меніңше, егер адам кеңестік кезеңде емес, цифрландыру дәуірінде туса, мұндай деректерді табу әлдеқайда оңай».
  • «Ақпарат үшін рақмет! Мен де хабарласып көрейін, бәлкім туған уақытымды білудің сәті түсер. Бізде осындай қызметтердің бары қуантады».
  • «Қызық, деректер архивте қай жылдан бастап сақталады екен?».
  • «Қызметкерлер үшін қосымша жұмыс көбейетін болды десеңші!».

Денсаулық сақтау министрлігі не дейді?

Денсаулық сақтау министрлігі туған уақыт туралы деректердің шынымен де тіркелетінін, бірақ оларды алу мүмкіндігі туған жылына және архивтердің сақталуына байланысты екенін түсіндірді.

2015 жылдан бастап жаңа туған нәрестелердің туған уақыты туралы ақпарат «Тіркелген халықтың регистрі» электронды базасына енгізіледі, сондықтан оны алу әлдеқайда жеңіл.

Дегенмен шектеулер де бар.

«Архивтік деректер болмаған, өтініш берушінің жеке басын сәйкестендіру мүмкін болмаған және ұсынылған мәліметтер сәйкес келмеген жағдайларда мәліметтер берілмейді», — деп атап өтті министрлік.

Егер сізге ресми деректер немесе архивтен құжаттардың көшірмесі қажет болса, қазақстандықтар үшін екі негізгі жол бар. Ресми сауалмен келесі орындарға жүгінуге болады:

  • жақын жердегі ХҚКО бөлімшесіне («Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ АХАТ арқылы);
  • тікелей туған жеріңіз бойынша мемлекеттік архивке.