Қазақтың тұңғыш троллейбус жүргізушісі болған қызы туралы не білеміз? (ФОТО) - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақтың тұңғыш троллейбус жүргізушісі болған қызы туралы не білеміз? (ФОТО)

Қазақтың тұңғыш троллейбус жүргізушісі болған қызы туралы не білеміз? (ФОТО)

 Алматы қаласының 88 жастағы тұрғыны Балжан Айдарованың өмірі қаламыздың тарихымен біте қайнасып жатыр. Еңбек ардагері, ұстаз бола отырып, тракторды да тізгіндеп көрген Балжан апа - Алматыда тұңғыш рет троллейбус рөліне отырған қазақ қызы.

  • 10 Наурыз 2015
  • 596
Фото - Caravan.kz

1941 жылдың 12 шілдесінде ел үкіметі Алматыдағы тұңғыш троллейбусты жолға қоюға шешім қабылдады. 52 орындық 10 машина Ярославль зауытынан сатылып алынды. Мәскеуге арнайы тәжірибеден өтуге мамандар да жіберілген болатын. Алайда, сұрапыл соғыс басталып, алматылықтардың жоспары жүзеге аспай қалды.

Қала басшылығы 1944 жылы әйтеуір троллейбус линиясын іске қосты.

 Трактористер мектебін бітірген Балжанды басшылық бірден троллейбус жүргізушісі болуға үгіттейді. Бойжеткен сол кезде жалақысы өте жоғары саналған жүргізушілік қызметіне бет бұрады.

«Ол кезде троллейбус жүргізушілері мұғалімдерден бірнеше есе жоғары еңбекақы алатын. Троллейбусты орыстар, украиндер, татарлар жүргізген еді. Мен ең алғашқы қазақ қызы болдым. Менің қасымда Надя деген орыс қызы болды. Екеуіміз №1 троллейбус маршрутында үш жыл бірге жұмыс ітедік. Көлікті өзім жөндеп алатынмын», — деді Балжан апа.

Қаршадай қазақ қызы бірден газет-журналдардың бетінен түспеді. Айта кету керек, Балжан апаның әкесі белгілі музыкант Самиғолла Андарбаев белгілі композитор, фольклорист Ахмет Жұбановпен бірге Құрманғазы атындағы оркестрдің негізін қалаған жандардың бірі. Қазақ өнері мен музыкасынан сусындап өскен бойжеткен жиындардың бірінде белгілі түрколог-ғалым Ғұбайдолла Айдаровпен танысады.

Кейін екі жас көңіл қосып шаңырақ құрған. Бақытты отбасы 50 жыл бір шаңырақ астында өмір сүрді. Ғұбайдолла Айдаровты 2011 жылы қайтыс болған.

«Отбасымызда небір қиындықтар болды. Баспана, ақша мәселелері. Кейін күйеуімнің соғыс кезіндегі ескі жаралары мазалап, қатты ауырып жүрді. Қиындықтарға қарамастан көпбалалы болуды армандадық. Бағымызға қарай, біздің арманымыз орындалып, сегіз перзент — 3 қыз, 5 ұл сүйдік», — деді апа.

1950 жылы Балжан апа Абай атындағы Қазақ Педагогикалық институтын тәмамдаған соң отбасы Алматы облысына көшіп кеткен. Балжан апаның жолдасы Ғұбайдолла Айдаров сол кезде Қаскелеңдегі зағип жандарға арналған мектептің директоры болып қызмет етеді. 1960 жылы аспирантураны тәмамдаған соң Ғұбайдолла Айдаров түркология саласына біржола бет бұрып, көне түрік ескерткіштерін зерттеуге ден қояды.

Алматы қаласындағы №101 мектепке ұстаз болып орналасқан Балжан апа зейнет жасына дейін балаларға тәлім беріп келген.


Бала тәрбиесінде ең басты рөлді отбасы ойнайды, деп санайды 8 бала, 16 немере, 8 шөбере сүйіп отырған Балжан апа. 

Оның айтуынша, қариялар балаларын әр жұмысқа адал әрі тиянақты болуға тәрбиелеп келген.

«Бала — жазылмаған ақ парақ, ұяда не көрсе — ұшқанда соны іледі» деген тәмсілдің жаны бар. Оларға барынша тиянақтылықты, ұқыптылықты, адалдықты үйретуге тырыстық. Біз балаларымыздың санасына ықпал етпей, өмірден өз жолын таңдауына мұрсат бердік. Олардың барлығы жоғары білім алды. Қазір әрқайсысы әр салада Қазақстан экономикасына қызмет етіп жатыр», — деді апа.

Көп жылдан бері Балжан апа құрметті демалыста. Кенжесімен Алматыда тұрады. 
Қазақтың тұңғыш троллейбус жүргізушісі болған қызы туралы не білеміз? 

Қазақтың тұңғыш троллейбус жүргізушісі болған қызы туралы не білеміз? 

Қазақтың тұңғыш троллейбус жүргізушісі болған қызы туралы не білеміз? 

Қазақтың тұңғыш троллейбус жүргізушісі болған қызы туралы не білеміз? 

Қазақтың тұңғыш троллейбус жүргізушісі болған қызы туралы не білеміз? 

Қазақтың тұңғыш троллейбус жүргізушісі болған қызы туралы не білеміз? 

Қазақтың тұңғыш троллейбус жүргізушісі болған қызы туралы не білеміз? 

Қазақтың тұңғыш троллейбус жүргізушісі болған қызы туралы не білеміз?