Сұлы қауызы денсаулыққа зиянды болып шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сұлы қауызы денсаулыққа зиянды болып шықты

Сұлы қауызы денсаулыққа зиянды болып шықты

 АҚШ-тың Айдахо университетінің ғалымдары жүгері, күріш, сұлы қауыздарынан жасалған құрғақ таңғы ас денсаулыққа зиян деген қорытындыға келді, деп жазады шетелдік БАҚ.

  • 10 Наурыз 2015
  • 1486
Фото - Caravan.kz

5 мыңнан астам ас түрлерін зерттей келе ғалымдар жоғарыда аталған таңғы ас түрлерінің құрамында охратоксин А болатындығын анықтаған. Бұны негізінен жабайы саңырауқұлақтардың құрамынан кездестіруге болады. Ол жануарлар ағзасында бүйрек обырын тудырады. Сондықтан бұны ДДСҰ қауіпті қоздырғыш қатарына жатқызған.

Бұл зат адам тұтынатын тағамның әр грамында 3 нанограмнан болғанда ғана қауіп төндірмейді екен. Ал сұлу қауызында бұл көрсеткіш шекті мөлшерден 8 пайыз жоғары болып отыр.