Мәліметтерге қарағанда, баға азық-түлік тауарларына өткен айда 0,2 пайыз, ақылы қызметтерге — 0,1 пайызға өсті. Азық-түлік емес тауарларының баға индексі 100 пайызды құрады. Өткен айда баға жаңа жиналған көкөністерге 2,5 пайызды, жаңа жиналған жемістерге — 1,6 пайыз, зәйтүн майына — 1,5 пайызға, жеңсік емес тағам балық консервілеріне, шайға — 1 пайыздан, балқытылған ірімшікке — 0,9 пайыз, шұжық, ет өнімдеріне — 0,7 пайызға, кондитер өнімдеріне, алкогольді ішімдіктерге — 0,6 пайыздан, тоқаш және ұннан дайындалатын кондитер өнімдеріне — 0,5 пайызға, жоғары сортты бидай ұнына, сүзбеге — 0,4 пайыздан өсуі белгіленді.
Сонымен қоса, бағаның төмендеуі қантқа 2,5 пайыз, құс етіне — 2,2 пайыз, жұмыртқаға — 2,1 пайыз, күнбағыс майына — 1,6 пайыз, күрішке — 1,1 пайызға, қарақұмық жармаға, айранға, картопқа — 0,9 пайыздан, мәйекті ірімшікке — 0,8 пайыз, шикі сүтке — 0,7 пайызға тіркелді.
Баға өсімі фармацевтикалық өнімдерге 0,9 пайызға, жуғыш және тазалағыш құралдарға, газеттер және мерзімдік басылымдарға — 0,6 пайыздан, киім және аяқкиімге, жеке пайдалануға арналған тауарларға — 0,5 пайыздан құрады. Баға бензинге 1,6 пайыз, дизель отынына — 1,7 пайыз, сұйытылған газға — 11,4 пайызға төмендеді.
Бұдан бөлек, баға деңгейі монша қызметтеріне 1,3 пайыз, мейрамханалар мен қонақ үйлерге — 1,2 пайыз, денсаулық сақтауға — 0,6 пайызға, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласына, мектепке дейінгі білім беруге — 0,4 пайыздан өсті. Алыс қашықтыққа қатынайтын жолаушылардың темір жол көлігіне жол жүру ақысы 2,9 пайызға арзандады, әуе көлігі — 5,1 пайызға қымбаттады.
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер тұрғын үйді күтіп ұстауға 0,3 пайыз, электр энергиясына — 0,2 пайызға өсті, ал тарату желілері бойынша тасымалданатын газға — 2,9 пайызға төмендеді.