"Қызымен жасты": Танымал актер өзінен 25 жас кіші арумен көңіл қосты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қызымен жасты": Танымал актер өзінен 25 жас кіші арумен көңіл қосты

"Қызымен жасты": Танымал актер өзінен 25 жас кіші арумен көңіл қосты

Танымал актер Қажет Смағұл өміріндегі қуанышты жаңалығымен бөлісті.

  • 25 Мамыр
  • 1
Фото: Instagram/kajet_smagul

Өнер иесі өзінен 25 жас кіші жас бойжеткенмен көңіл жарастырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл туралы актер өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Көп адам сезіп жүрген шығар… Өзімнен 25 жас кіші….

Жүрегім тыныш… көзім бақытты… Қалғанын кейін айтамын. Әзірге бәрін айтпай-ақ қояйын…», — деп жазды ол.

Желі қолданушыларының пікірі қақ жарылды. Олардың бірі жұпқа бақыт тілесе, енді бірі жас айырмашылығын қатаң сынға алған.

«Пранк болса деп армандаймын, әкесімен жасты еркек қой», «Қасқа қыз бұндай қадамға баруға не түрткі болды екен», «Мыналар бір фильмге түссе болды, өздерін Ди Каприо сезініп кететін сияқты», «Қазіргі еркектердің көзі қарайған, қызымен жас қыз алып,ана қыз атағы үшін тиген шығар» деп жазуда олар.