Негізінен бүлікшілердің әскери колоннасы нысанаға алынған екен. Ал ол жерде босындар лагерінің қайда пайда болғаны анықталуда. Сауд Арабиясы бастаған одақтастар күшінің тегеурінді шабуылдары алғашқы нәтижесін де бере бастады. Қазір Аден әуежайы мен теңіз жағалауы толығымен жергілікті әскердің қарамағына қайтарылған. Жер-жерлерде президент Абд Раббо Мансұр Хадиді қолдаушылар қарулы қарсылық танытуда. Йемендегі ахуал өткен айда ушыққанын айта кетейік. Ел астанасынан бастап біраз аумағы қазір билікке мойынсұнудан бас тартқан шейіт жасақтарының бақылауында.