Елбасыны қолдаған семейліктер оның ерлігін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасыны қолдаған семейліктер оның ерлігін айтты

Елбасыны қолдаған семейліктер оның ерлігін айтты

Бүгін Семей жұрты қазақстандықтарды Елбасыға дауыс беруге шақырды. Әрі Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлауалды штабының мүшелерімен жолыққан қала ақсақалдары қазіргі Президентпен тең келер ешкім жоқ деп отыр.

  • 2 Сәуiр 2015
  • 260
Фото - Caravan.kz

Семейліктер талай кесапат әкелген полигонды жапқызған Елбасының ерлігін әлі күнге дейін мақтанып айтады. Сондықтан қала тұрғындарының Елбасыға деген ықыласы мен құрметі ерекше. Ақсақалдармен өткен осындай кездесуден кейін үгіт-насихат жергілікті цемент зауытында жалғасын тапты. Назарбаевтың өзі осы мекемеге бұрын бірнеше рет келіп, оның дамуын қатаң бақылауына алған болатын. Сондықтан бұл осы өңірде өркендеп тұрған бірден-бір өндіріс ошағы.

Ирина Деркачева, Семей цемент зауытының бөлім бастығы:

-Елбасының жүргізген салиқалы саясатының арқасында біз болашағымыз үшін алаңдамаймыз. Оны барлық ұлт өкілдері қолдайды. Өйткені ол бейбітшілік пен жасампаздықтың нышаны іспеттес.