Туыспын деп құшағын ашып келген Венгрия премьері алдымен Ақордаға барды. Нұрсұлтан Назарбаевпен жеке кездесіп, екі мемлекеттің алыс-берісін, барыс-келісін арттыру жайын талқылады. Еуроодақты батыл сынамаса да ішкі қыжылын айтып қалған Орбан соңғы уақытта Еуразиялық Одақты сағалап жүр. Тіпті санкцияға қарамастан, Ресеймен байланысын жандандырып жатыр. Әрине, бұған мұнай мен газға деген мұқтаждық мәжбүр етуде. Сондықтан Қазақстанмен де осы салада байланысын жолға қойғысы келеді. Бүгінгі келіссөздер нәтижесіз емес. Енді екі мемлекет виза алуды жеңілдетіп, Астана мен Будапешт арасында тікелей әуе рейсін ашылмақ. Тіпті ортақ қаржылық қор құрылмақшы.
Виктор Орбан, Венгрия Премьер-министрі:
-Қазақстан Еуропалық одақта Венгрия секілді сенімді досының бар екеніне сенуіне болады. Будапеште біз Астана көшесін аштық. Барлық салада байланысты дамытқымыз келеді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-Венгрия — біз үшін Еуропадағы маңызды ел. Венгрияның Еуропа одағы елдері арасынан алғашқылардың бірі болып Қазақстанмен стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қойғанын жоғары бағалаймыз.