Йемендегі Ресей консулдығының ғимаратына оқ жауды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Йемендегі Ресей консулдығының ғимаратына оқ жауды

Йемендегі Ресей консулдығының ғимаратына оқ жауды

Сауд Арабиясының жетекшілігімен Йемендегі көтерісшілерге қарсы құрылған коалиция күштерінің әскери-іс қимылы кезінде Адендегі Ресей консулдығы ғимаратына оқ жауды, деп хабарлады ВВС. 

  • 2 Сәуiр 2015
  • 343
Фото - Caravan.kz

«РИА Новости-дің» хабарлауынша, атқылаған оқтан консулдық ғимаратының бүтін терезесі қалмаған. Ал ресейлік дипломаттар қазіргі уақытта Бас консулдықты қауіпсіз жерге көшіру қамына кіріскен.

Жергілікті БАҚ көтерілісші-хуситтердің танкілері қала ортасында екенін хабарлады.


Еске сала кетейік, Сауд Арабиясы және Парсы шығанағының өзге де елдері қарулы күштерінен құрылған коалиция Йемен заңды президенті Мансур Хадидің билігін сақтап қалу үшін көтерілісші-хусидтерге қарсы «Шешімді дауыл» операциясын жүзеге асырып жатқанына бір апта болды.