Алматыда автотұрақта қару қолданған күдікті жауапкершілікке тартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда автотұрақта қару қолданған күдікті жауапкершілікке тартылды

Алматыда автотұрақта қару қолданған күдікті жауапкершілікке тартылды

Алматыда автотұрақтардың бірінде болған атысқа қатысты күдікті деп танылған Иван Хуторной,

  • 2 Сәуiр 2015
  • 362
Фото - Caravan.kz


енді тергеушіге жала жапты деген айыппен тағы да қылмыстық жауапкершілікке тартылды,

деп хабарлайды бүгін Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінен.

Қару қолданып, бұзақылық жасағаны үшін (ҚР ҚК 293-бабының 3 тармағы) әзірге күдікті деп танылған И. Хуторной таяу күндері бірқатар БАҚ-қа осы қылмыстық іспен айналысып жатқан тергеуші ақша бопсаламақ болды деп мәлімдеген болатын. 

«Осылайша, сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатқан лауазымды тұлғаға негізсіз айып тағылып, көпе-көрнеу жала жабылды. Бұл — қылмыстық жаза қолданылатын іс. Сол үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 411-бабының 3-армағына сәйкес, қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Осыған қатысты Алматы қалалық ІІД Тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қылмыстық кодекстің 128-бабына сәйкес, И. Хуторной уақытша тергеу изольяторына қамалды», — деді Алмалы аудандық ІІБ басшысы, полиция полковнигі Асқар Болатов.