«Семей-Павлодар» тас жолында жолаушылар автобусы өртке оранды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Семей-Павлодар» тас жолында жолаушылар автобусы өртке оранды

«Семей-Павлодар» тас жолында жолаушылар автобусы өртке оранды

«Семей-Павлодар» трассасының 3-ші шақырымында Щучинск-Семей бағытымен жүретін жолаушылар автобусы отқа оранды.

  • 2 Сәуiр 2015
  • 657
Фото - Caravan.kz

Оның ішінде 20 жолаушы болған. Жапа шеккендер жоқ. Бұл оқиға туралы хабар өрт сөндіру қызметінің кезекшісіне келіп түскен. «SETRA» маркалы автобусының артқы сол жақтағы дөңгелегінің ішкі жағы өртенген. Өрттің шығуына аса қауіпті агрегатты абайсыз пайдалану себеп болуы мүмкін деген нұсқа тексеріліп жатыр. 


Жолаушылардың барлығын жол полициясы жол-жөнекей көлікпен жөнелтті. Көлік дөңгелегі ауыстырылды.