Қазақстанда президент сайлауының бірінші үгіт-насихат аптасы кемшіліксіз аяқталды – ОСК - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда президент сайлауының бірінші үгіт-насихат аптасы кемшіліксіз аяқталды – ОСК

Қазақстанда президент сайлауының бірінші үгіт-насихат аптасы кемшіліксіз аяқталды – ОСК

Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясына алдағы президент сайлауы шеңберіндегі үгіт-насихат науқанының алғашқы аптасында кандидаттар мен олардың сенім көрсетілген тұлғаларының әрекетіне қатысты шағым түскен жоқ.

  • 6 Сәуiр 2015
  • 638
Фото - Caravan.kz

«Үгіт-насихат науқанының бірінші аптасында кандай да бір кандидаттар мен олардың сенім көрсетілген тұлғаларына және штаб мүшелеріне қатысты Орталық сайлау комиссиясына шағым келіп түскен жоқ», — деп ОСК мүшесі Марат Сәрсенбаев   Астанада қысқаша баспасөз мәслихатында атап көрсетті.
«Біз жергілікті сайлау комиссияларымен үнемі байланыстамыз. Ол жақтан кандидаттар мен олардың сенімді тұлғаларына қатысты шағым түспеді»,- дейді ол.
Сайлау 26 сәуірге белгіленді.
Мемлекет басшысының қызметі үшін үш кандидат сайысады. Олар қазіргі президент Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан коммунистік халықтық партиясы Орталық комитетінің хатшысы Тұрғын Сыздықов, өзін өзі ұсынушы кәсіподақтар федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайынов.