«ҚазАгроҚаржы» АҚ алаяқтардың арбауына түсіп қалмауды ескертеді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«ҚазАгроҚаржы» АҚ алаяқтардың арбауына түсіп қалмауды ескертеді

«ҚазАгроҚаржы» АҚ алаяқтардың арбауына түсіп қалмауды ескертеді

«ҚазАгроҚаржы» алаяқтарға алданып қалмауды ескертеді, деп хабарлайды «ҚазАгроҚаржы» АҚ баспасөз қызметінен.

  • 6 Сәуiр 2015
  • 524
Фото - Caravan.kz

«Соңғы уақытта өздерін «ҚазАгроҚаржы» АҚ қызметкерлері ретінде таныстырып, қарыз алу үшін құжаттарды ресімдеуге көмектерін ұсынатын үшінші тұлғалардың алаяқтық іс-әрекеттері тіркелгендігін назарларыңызға жеткіземіз. Сіздерден алаяқтардың қасақана жасаған арандатушылық әрекеттеріне ермеулеріңізді сұраймыз!

«ҚазАгроҚаржы» АҚ құжаттарды жинау, қабылдау және өңдеу жұмыстарын тек облыс орталықтарындағы және Қазақстанның ірі қалаларындағы өзінің ресми өкілдіктерінде — «ҚазАгроҚаржы» АҚ филиалдарында, сондай-ақ Астана қаласындағы орталық аппаратында ғана жүргізетінін ресми түрде мәлімдейді. Сіздерден қырағылық көрсетіп, алаяқтардың жетегінде кетпей, сақ болуларыңызды сұраймыз!», делінген хабарламада.


Барлық сұрақтар бойынша «ҚазАгроҚаржы» АҚ Қазақстан бойынша филиалдарына, сондай-ақ біздің www.kaf.kz. ресми сайтымызда көрсетілген телефон нөмірлеріне қоңырау соғуға болады.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ 1999 жылы ҚР Үкіметінің қаулысымен құрылған. Негізгі мақсаты — ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қаржы қаражаттарына, сондай-ақ лизинг негізінде ауыл шаруашылығы техникаларына және технологиялық жабдықтарға деген қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы республиканың аграрлық секторына қолдау жасау.