Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
«Әскерге шақырылған азамат немесе оның туыстары шұғыл желіге хабарласып, 2015 жылғы науқан туралы сұрақтарына (құжат тапсыру, медициналық тексеру т.т) жауап ала алады», — делінген хабарламада.
Шұғыл желі телефондары: 8 (7172) 72-13-89, 72-14-20, 72-13-82 (тәулік бойы) және 8 (7172) 39-33-37 (медициналық тексеру мәселелері туралы)
Биыл көктемгі әскерге шақыру науқанында 15 мыңнан астам жас жігіт Қазақстан армиясы қатарына алынады.
