ШҚО-да имамдардың құқықтық сауаттылығын арттыру семинарында арнайы сертификаттарға ие болды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-да имамдардың құқықтық сауаттылығын арттыру семинарында арнайы сертификаттарға ие болды

ШҚО-да имамдардың құқықтық сауаттылығын арттыру семинарында арнайы сертификаттарға ие болды

Дін істері басқармасы мен Діни мәселелер орталығы мамандарының діни қызметкерлерге арнап өткізген

  • 6 Сәуiр 2015
  • 378
Фото - Caravan.kz

«Құқықтық және саяси сауаттылықты арттыру» семинарына 30-ға жуық имам қатысты. Семинардың қорытындылары бойынша қатысушыларға сертификаттар мен алғыс хаттар табысталды, деп хабарлады ШҚО Дін істері басқармасынан. 

Бір аптаға созылған семинарда мемлекет пен діннің өзара қатынасы, ҚР-ындағы дін саласында мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері талқыланды. 

ШҚО Дін істері басқармасының бастығы Манарбек Мұхамеджановтың ақпаратынша, семинарда исламның ұлттық және дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтармен өзара байланысы, мазхабтар тарихы және ахида проблемаларына үлкен көңіл бөлінді. 


Семинар құқық қорғау органдарының өкілдерімен дөңгелек үстел басындағы диалогпен аяқталды. Оның тақырыбы діни жағдайды, проблемаларды талқылау, имамдардың ақпараттық-түсіндіру жұмыстарындағы рөлі, зиялы мемлекет пен дін, дін ұстану мәселелері болды. 

«Ұйымдастырушылар ретінде бұл кездесудің басты мақсатына құқық қорғау органдарымен өзара әрекеттестік арқылы қоғамдағы келісімді, тұрақты діни жағдайды сақтап, нығайту міндетін қойдық», — дейді ШҚО Дін істері басқармасының басшысы.