Қазақстандықтардың жартысынан көбі отандық тауарларға басымдық береді - сауалнама - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандықтардың жартысынан көбі отандық тауарларға басымдық береді - сауалнама

Қазақстандықтардың жартысынан көбі отандық тауарларға басымдық береді - сауалнама

 Қазақстандықтардың 52%-ы шетелдік тауармен бағасы мен сапасы тең болғанынан қарамастан,

  • 6 Сәуiр 2015
  • 349
Фото - Caravan.kz


отандық тауарларға басымдық береді.

Бұл туралы MediaNet халықаралық журналистика орталығы жанындағы DEMOSCOPE қоғамдық пікірлердің экспресс-мониторингі бюросы өткізген сауалнама қорытындысында мәлімделген.
«Қазақстандықтардың жартысынан астамы (52%) отандық тауарларға жақсы көзқараста және шетелдік тауарлармен бағасы мен сапасы тең болғанынан қарамастан отандық тауарларды сатып алуға тырысады», — делінген MediaNet баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.
Сауланамаға қатысқандардың 28%-ы сапасы ойдағыдай болмағанымен, қазақстандық тауарларды сатып алуға тырысады, ал 8%-ы импорттық тауарларға артықшылық береді. Сауалнама көрсеткендей, қазақстандық тауарларға қатысты патроиотизм көрсеткіші ең төмен Ақтөбе облысы болған.
Сауалнама мәліметі бойынша, 12% адам отандық тауарларды қолдауға қатысты немқұрайлылық танытқан.
Сауалнамаға Астана, Алматы және юарлық 14 облыстан 1904 адам қатысты.