«Соғыс ардагерлеріне төленетін төлемдердің жартысы республикалық, қалған жартысы облыстық бюджеттен бөлінеді. Тыл еңбеккерлері 25 мың теңгеден бір жолғы материалдық көмекке ие болады. Бүгінде облыста барлығы 80 ҰОС ардагері бар. Олардың 52-сі Атырауда тұрады», — деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен.