Бұл күні аспан шайдай ашық болған. Аяқ астынан пайда болған қара шеңбер ауыл жұртының барлығының назарын аударыпты. Белгісіз дене шығыстан батысқа қарай қозғалып бара жатып, 15 минутта түтіндей сейіліп кеткен. Әзірге Шортанды ауылындағы тылсым құбылыс жайында ресми орындар да, физика саласының мамандары да ешбір түсініктеме бермеді.
Виталий Кручинин, оқиға куәгері:
-Бұл кешкі бес кезі болатын. Әлгі шеңберді байқап қалған көршім айғайлап далаға шақырды. Белгісіз дене алыстап, пішінін өзгертті. Біз ұзақ қарап тұрдық. Ақыры не екенін түсінбедік, біраз уақыттан кейін жоқ болды.