Тағам қалдықтары мен азық-түліктен де, ішек таяқшалары табылған. Ал, мейрамхананың асханасындағы жағдай жаға ұстарлық екен. Тазалық пен санитарлық талаптар мүлдем сақталмаған. Даяшыларында асханада жұмыс істеуге рұқсат ететін санитарлық кітап атымен жоқ. Өткен аптада Астананың қақ ортасындағы «Старомодный» деген қымбат мейрамханада тамақтанған 31 адам өзін жайсыз сезініп, дәрігердің көмегіне жүгінген. Олардың 16-сы қазір жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр. Барлығына «сальмонеллез» диагнозы қойылған. Ал, Ішкі істер департаменті жаппай улану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Енді мейрамхана басшылары қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.