Назарбаев Ақордаға Мамытбековты шақыртты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев Ақордаға Мамытбековты шақыртты

Назарбаев Ақордаға Мамытбековты шақыртты

Назарбаев Мамытбековты Ақордаға шақырып, көктемгі егістің дайындығын сұрады. Бүгін президентке есеп берген Ауыл шаруашылық министрі науқанға толық әзірміз деп отыр.

  • 7 Сәуiр 2015
  • 213
Фото - Caravan.kz

Ақордаға асқан әзірлікпен келген еліміздің бас агрономы қаптаған саннан шатысқан жоқ. Қазір оңтүстік облыстарда тұқымның біразы себіліп бітсе, басқа өңірлерде егіс енді басталмақ. Мамытбеков шаруалар жанармайдан да, тұқымнан да тарықпайды деп сендірді.

Асылжан Мамытбеков, Ауыл шаруашылығы министрі:

-Жанар-жағар маймен қамтамасыз етілген. 60 миллиард теңге республикалық бюджеттен несие бөлінді. Басқа да қаржы көзінен қаржыландыру жүргізіліп жатыр. Жердегі ылғалдың баршылығы жақсы.Орташа деңгейден артық деуге болады.Соңғы кездегі қар енді жай –жай еріп жатыр.

Сондай-ақ министр Елбасыға бірінше рет сырттан ауыл шаруашылық өнімдерін тасымалдау, яғни импорттың 6 пайызға азайғанын айтып мақтанды. Қысқасы, нарықта отандық өнім көбейген. Десе де, Асылжан Мамытбековтың әкелген тізімін мұқият қарап шыққан мемлекет басшысы, оған бірнеше тапсырма берді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Алманы да, құстың етін де, сұйық майды  көбейтуге болады ғой. Шұжыты 55 процент өзіміз шығарамыз. Құм шекерді сырттан әкелеміз. Тұз өзімізде ғой.  Еттің 84 проценті өзімізде, қой етімен 99,8. пайызға жеттік Қой еті, жылқы еті, жұмыртқа, бидай, нан. Осы  негізгі тамақтар өзімізден шығады. Қарап отырғаның дұрыс.