Тобыл өзені арқылы өтетін көпір қайта салынады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тобыл өзені арқылы өтетін көпір қайта салынады

Тобыл өзені арқылы өтетін көпір қайта салынады

Қостанайда Тобыл өзені арқылы өтетін көпір қайта құрылатын болады,

  • 7 Сәуiр 2015
  • 2064
Фото - Caravan.kz


оған 3,3 млрд теңге жұмсау көзделген, деп хабарлады  "ҚазАвтоЖол" ҰК” АҚ-нан.
"Жобаның жалпы құны 3,3 млрд теңге. Құрылыстың нормативті мерзімі 20 ай", делінген "ҚазАвтоЖолдың” агенттікке берген жауабында.
Оның мердігері биыл сәуір айында белгілі болады, делінген ақпаратта.
Қайта құру жұмыстарында көпірді жөндеу, оның сәулеттік жарығын орнату, "РФ шекарасы-Алматы" автожолының 549-522 шақырымын жөндеу, сол жолдың бойымен жаяу жүруге арналған жол салу, айналмалы жолды реттеу, бағдаршамдар орнату көзделген.
Қазіргі уақытта бұл көпірдің пайдаланылғанына 56 жыл болған.