Түркияда YouTube пен Twitter-ге салынған тыйым алынып тасталды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркияда YouTube пен Twitter-ге салынған тыйым алынып тасталды

Түркияда YouTube пен Twitter-ге салынған тыйым алынып тасталды

Түрік провайдерлері осыған дейін Twitter әлеуметтік желісіне салған тыйымды алып тастады. Haber Turk хабарлағандай, бұл әрекетке олар компания басшысы Түркияның сот билігінің талаптарын орындап болғаннан кейін барған. 

  • 7 Сәуiр 2015
  • 241
Фото - Caravan.kz


Ыстамбұл соты прокурордың тұтқынға алуына қатысты материалды өшіруді талап етті. 31 наурызда қаруланған лаңкестер алты сағат бойы прокурорды жұмыс кабинетінде ұстаған. Мұндай материалдарды жариялауды сот экстремистік ұйымдарды насихаттаудың түрі деп тапты. 

Қазіргі уақытта Түркияның әр аумағында Twitter микроблогтары қолжетімді. Ал YouTube ресурсына әзірге шектеулер бар. 

Сот шешімі Facebook әлеуметтік желісіне де қатысты болды. Бұл желі компания басшысы түрік билігі атаған даулы суреттерді дереу жойғандықтан оқшауланбады. Алайда, жергілікті БАҚ хабарлағандай, Facebook кейін түрік сотының тыйымына қарсы шығатынын мәлімдеген.