ЛА -155/8 (Алматы облысы Іле ауданы Заречный кенті) бастығы Абайжан Жаңабергенді және оның қол астында жұмыс істейтін қаржы қызметінің басшысы Мадамгүл Тохтахунованы пара алды деген күдікпен ұстады.
Алматы облысының құқық қорғау органдарындағы ақпарат көзі хабарлағандай, 250 мың теңге үшін түзету мекемесінің бас бухгалтері іскер әйелге колония аумағында еш кедергісіз бизнесін жүргізе алатынына, ал оның бастығы бұған қолдау көрсететініне сөз берген.
Алайда, олардың бұл әрекетіне облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің қызметкерлері тосқауыл болды.
Ұсталғандар Іле аудандық уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Қазіргі уақытта аталған іс бойынша тиісті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.