Шымкент саябақтарында тегін ғаламтор пайда болды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкент саябақтарында тегін ғаламтор пайда болды

Шымкент саябақтарында тегін ғаламтор пайда болды

Шымкенттің Абай, Орталық, Тәуелсіздік, Жеңіс, Жастар саябақтарында WI-FI пайда болды.

  • 7 Сәуiр 2015
  • 415
Фото - Caravan.kz

«Нұрсәт» шағын ауданындағы аллеяда демалып отырған жұрт та тегін ғаламторды пайдалана алады.  «Бұл мақсатқа Шымкентте 3 млн. теңге бөлінді. Тегін ғаламтор таңғы сағат 9-дан 23 дейін істейді. Ғаламтор жылдамдығы 8 МБ. Бұл әлеуметтік желілерді пайдалануға, сайттарды қарауға, ән тыңдауға, видео көріп, тіпті оны жүктеп алуға да жеткілікті», — деді «Шымкент жастары» МКК  директоры Абзалбек Үбелтаев.

Шымкент саябақтарында ғаламтор алғаш рет 2014 жылы қалалық әкімдіктің бастамасымен пайда болған. Сол кезде, шенеуніктердің есептеуінше, ғаламтормен 2500-2800 адам пайдаланған.

Өткен жылы пайдаланушылар үшін желі лимиті шексіз болған.   Биыл бір адамға күніне 20 МБ қарастырылған. Тағы бір жаңашылдық — бастаманы көтергендер енді кез келген уақытта қай саябақта қанша адам wi-fi-ды пайдаланып жатқанын біле алады.