Оқиға сағат 12-лер шамасында болған. Алып жол айрықтың опырылып түсу себебі әлі белгісіз. Құрылыс жұмыстары "Домиллион" ойын-сайық орталығының маңында, Рысқұлов даңғылы мен Архименко көшесінде орналасқан.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаның салдарынан екі адам зардап шеккен, ал екеуі үйінді астында қалып қоюы мүмкін. Нысанда 50-55 адам жұмыс істеп жатқан. Апат болған жерге құрамында 16 адам мен 6 кинологы бар құтқару экипажы бара жатыр, сонымен қатар, өңірлік жедел-құтқару жасағының өкілдері шықты, — деп хабарлайды http://today.kz/ сайты.






