Атамбаев Қырғызстан премьері мен үкіметінің отставкасын қабыл алды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атамбаев Қырғызстан премьері мен үкіметінің отставкасын қабыл алды

Атамбаев Қырғызстан премьері мен үкіметінің отставкасын қабыл алды

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев премьер Джоомарт Оторбаев пен оның министрлер кабинетінің отставкаға кетуі туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.

  • 24 Сәуiр 2015
  • 293
Фото - Caravan.kz


Жарлыққа орай, жаңа үкімет құрылғанша, олар түгелдей өз орындарында уақытша міндет атқарушы ретінде жұмыс істейтін болады.
Жарлық қол қойылған кезден бастап күшіне енді.
Дж.Оторбаев бейсенбіде парламент отырысында отставкаға ерікті түрде кететіндігін мәлімдеген болатын.
Басқарушы коалиция оның орнына кандидатураны келесі аптада дайындайды деп күтілуде.