"ПетроҚазақстан Ойл Продактс" Шымкент мұнай өңдеу зауытындағы жөндеу жұмыстарын аяқтады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"ПетроҚазақстан Ойл Продактс" Шымкент мұнай өңдеу зауытындағы жөндеу жұмыстарын аяқтады

"ПетроҚазақстан Ойл Продактс" Шымкент мұнай өңдеу зауытындағы жөндеу жұмыстарын аяқтады

"ПетроҚазақстан Ойл Продактс" ЖШС Шымкент мұнай өңдеу зауытындағы жоспарлы күрделі жөндеу жұмыстарын мерзімнен бұрын аяқтады, деп хабарлады компаниядан.

  • 24 Сәуiр 2015
  • 845
Фото - Caravan.kz


Таралған ақпаратқа қарағанда, бүкіл жоспарлы күрделі жөндеу жұмыстары 23 сәуір күні аяқталған, бұл Қазақстан энергетика министрлігі бекіткен графиктен үш тәулік ерте.
Осы уақыт ішінде технологиялық жабдықтар, құбырлар, пештер, кабельді жүйелер, электр жабдықтары, негізгі және қосалқы қондырғылар қалпына келтірілді.
"Зауытта мұнайды бастапқы өңдеу қондырғылары іске қосылды, тауар өнімдері шығарыла бастады, қалған өндірістік қондырғылар өндіріс технологиясына орай іске қосылады”, делінген онда. Алдында айтылғандай, жанар жағар май рыногындағы жағдайға байланысты бұл зауыт 2014 жылы жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жабылмаған , жөндеу жұмыстары 2015 жылдың көктеміне ауыстырылған.