"Қазтелерадио" АҚ ҚазСат-2 резервтік спутникке ауысуға мәжбүр болды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазтелерадио" АҚ ҚазСат-2 резервтік спутникке ауысуға мәжбүр болды

"Қазтелерадио" АҚ ҚазСат-2 резервтік спутникке ауысуға мәжбүр болды

Intelsat-904 байланыс спутнигінің қызметінде олқылықтар туындап, Отау ТВ абоненттері үшін телерадио хабарларын тарату жүйесі

  • 24 Сәуiр 2015
  • 585
Фото - Caravan.kz

бұзылған соң «Қазтелерадио» АҚ жер үстілік желілерін ҚазСат-2 резервтік спутнигіне ауыстырып жатыр. Бұл туралы «Қазтелерадио» АҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

Жағдайды оңалту үшін «Қазтелерадио» АҚ мамандары шұғыл түрде жер үстілік желілерін ҚазСат-2 резервтік спутнигіне ауыстырды. 

Аналогтік және сандық эфирлік хабар тарату ҚазСат-2 спутнигінен жүзеге асырылады. 
Кабельді телевидение операторлары қабылдау құрылғысын ҚазСат-2 спутнигіне байланыстыру бойынша техникалық жұмыстарды жүргізіп жатыр. 
Intelsat-904 байланыс спутнигінің жұмысында туындаған ақаулықты Intelsat Global компаниясы анықтауда.