Қарағанды облысында тасқын шайған үйлер сүріліп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында тасқын шайған үйлер сүріліп жатыр

Қарағанды облысында тасқын шайған үйлер сүріліп жатыр

Қарағанды облысында тасқын шайған 2000-нан аса үйдің 150-ге жуығы тұруға жарамсыз деп танылды. Енді ол баспаналар сүріліп, орнына жаңалары тұрғызылмақ. Құрылыс жұмыстарына 16 компания тартылған. Тұрғындар жаңа үйлеріне қыркүйек айына дейін кіреді деп жоспарланып отыр. Ал оған дейін уақытша баспана беріледі.

  • 25 Сәуiр 2015
  • 369
Фото - Caravan.kz

Аталарынан қалған қара шаңырақта ширек ғасыр бойы күнелткен Мүсілім Хасеновтің іші қан жылап, мына көрініске күрсіне қарайды. Дүние-мүліктің басым бөлігі де үйіндінің астында қалып барады. Себебі қызыл судан барлығы жарамсыз болып қалған. 

Мүсілім Хасенов, Ғ.Мустафин ауылының тұрғыны:

-Әкей шешеден қалған үйлер ғой. Солар қайтыс болғаннан кейін орнын толтырайын деп. 3-4 айдың ішінде барлығы болады дейді , енді не істейміз?

-Бүгінгі таңда 148 үй апатты деп танылып отыр. Бірақ бұл қорытынды сан емес. Өйткені уақыт өте келе сыр беретіндері бар және арнайы мамандар әр үйге үңіліп, оның жағдайына баға беретін болады. Сондықтан мынандай ауыр техниканың тісі тиетін үйлердің саны әлі еселеп артуы мүмкін.

Жалпы, қызыл су Қарағанды облысындағы 3 қала мен 9 ауданды басып өтті. Салдарынан 2107 үйді су шайған. Қарқыны қатты тасқын тас жолдардың 101 жерін бұзыпты. 5 көпір қираған. Ірілі-ұсақты мың жарымнан аса мал арам қатты. Дәл бүгінгі күні 11 ауыл жарықсыз, 4 елді-мекен ауыз сусыз отыр. Биліктегілер апат зардаптарын жою жұмыстарымен айналысуда.

Асылбек Дүйсебаев, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары
:

-Бөлінген 1 миллиард теңге және қорға түсіп жатқан қаражат шығынды өтеуге жұмсалады. Жетпегенін тағы алдырамыз. Біздің қазіргі міндет – жолдарды жөндеп, елге қажетті көмекті дер кезінде жеткізу жұмыстарын ұйымдастыру.  

Тасқын ойрандаған Мұстафин ауылына алғаш кірген ауыр техника жақын күндері мұндағы сексенге тарта үйді жермен жексен қылмақ. Үйлері құлаған басқа ауыладарда да осындай қарбалас. Шенеуніктер баспанасыз қалған ағайын күздің қара суығына дейін қоныс тойын тойлайды деп сендіріп отыр.