Ақмола облысында қолдан жасалған бөгеттер тасқынға шыдай алар емес - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында қолдан жасалған бөгеттер тасқынға шыдай алар емес

Ақмола облысында қолдан жасалған бөгеттер тасқынға шыдай алар емес

Ақмола облысында тасқын қаупі әлі сейілген жоқ! Нұра өзеніне жақын орналасқан ауылдардан тұрғындар әлі қауіпсіз жерге көшірілуде. Көптеген елді-мекендерді қызыл судан қолдан жасалған бөгеттер қорғап тұр. Оның өзі құм салынған қапшықтар.

  • 25 Сәуiр 2015
  • 313
Фото - Caravan.kz

Жүздеген құтқарушы күні-түні Нұра өзенінің жағалауын қырағы күзетке алды. Себебі су Астананың шетіндегі ондаған ауылды басып жатыр.Жалпы алапат тасқыннан ел бойынша, екі жарым мыңнан астам үй қираса, 200-ге жуық автомобиль жолдарын су шайып кетті. Қазір мемлекеттік комиссия бірнеше аймаққа келтірілген шығынды есептеуде. Оның көлемі аз болмасы анық. Ал құтқарушылар күшейтілген жұмыс тәртібіне көшкен. Өйткені тасып жатқан  Нұра өзені әзірше тыншыр емес.

Руслан Иманқұлов, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің бөлім бастығы:

-Қарағандыдан келген суды  ешкім тоқтата алмайды. Даламен келе жатқан су.Бірақ алдын-ала инертті материалдармен қаптар төселіп  дамбалар салынып жатыр.