Елімізде сайлауалды үгіт насихат жұмыстары тоқтатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде сайлауалды үгіт насихат жұмыстары тоқтатылды

Елімізде сайлауалды үгіт насихат жұмыстары тоқтатылды

Сайлау алдындағы тыныштық! Бүгін түнгі 12-де, президент тағынан үміткерлердің үгіт-насихат жұмыстары толық тоқтап, олардың есімдері телеарна, радио мен газет-журналдарда мүлдем аталмауы тиіс.

  • 25 Сәуiр 2015
  • 259
Фото - Caravan.kz

Сенбіге сәйкес келген осы тыныштық күнінде халық ойланып кімге дауыс беретіндерін шешуі керек. Жалпы Нұрсұлтан Назарбаев, Тұрғын Сыздықов, Әбілғазы Құсайыновтың сайлауалды науқанына қатысты ешқандай арыз-шағым түспеген. Ал еліміздегі 10 мыңға жуық сайлау учаскелері саяси доданы өткізуге тыңғылықты дайын. Тіпті тасқынымен күресіп жатқан төрт аймақ – Ақмола, Қарағанды, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары да жіті бақылауға алыныпты.

Марат Сәрсембаев, Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

-Керекті жабдықтың бәрі орнында, жылжымалы жәшіктер, кабиналар бәрі орнында. Бюллетендер облыстық және аудандық комиссияларға түсіп, бүгін-ертең учаскелерге түседі.