Рымқұловтар үшін Президент сайлауы өзіндік мереке. Қуанышты сәтті құр жібермеген балалары мен немерелері отағасына тосын сый жасап, теледидар тарту етті. Молдаван, украин, орыс, татар, әзірбайжан сынды ұлт өкілдерінің басын қосқан үлкен шаңырақ сайлау науқандарынан қалыс қалған емес. Отбасының кәмелет жасына толған барлық мүшелері бұл жолы да өздері тіркелген №58 сайлау учаскесіне келіп болашақ президентті таңдады.