Жайлаудан сайлауға жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жайлаудан сайлауға жетті

Жайлаудан сайлауға жетті

Жайлаудан сайлауға! Шығысқазақстандық шопандар отбасы сайлау учаскесіне 40 шақырым жерден ат салдырып жетті.

  • 27 Сәуiр 2015
  • 188
Фото - Caravan.kz

Мұхамеджановтар отбасы үшін ел болашағын таңдау өте маңызды іс. Сондықтан сайлаудан қалыс қалмау үшін қолдағы малдың бәрін үйдегі бір адамға тапсырып, қалғандары таң атысымен жолға шыққан. Бір өкініштісі, жуырдағы су тасқыны қалаға қатынайтын тас жолды шайып кеткен еді. Сондықтан жол жабық. Қауіпті жерді айналып өтудің өзі бірнеше сағаттық жол. Дегенмен, бұл да кедергі болмады. Отағасы Алтай — атқа арба жегіп, отбасымен түгел сайлау бөлімшесіне жеткізді.