114 жастағы Көкшетау тұрғыны сайлауға қатысты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
114 жастағы Көкшетау тұрғыны сайлауға қатысты

114 жастағы Көкшетау тұрғыны сайлауға қатысты

Бүгінгі сайлаудан 114 жастағы көкшетаулық Қазына Ысмайылова да қалмады. Осынша жасқа келсе де әлі тың әжей дауыс беруді өзінің азаматтық парызы деп түсінеді. Жұрт оның учаскеге өз аяғымен келгеніне таң-тамаша.

  • 27 Сәуiр 2015
  • 230
Фото - Caravan.kz

Таң қылаң бере оянып, үйдегілердің бәрін тік тұрғызған әжей сайлауға бару үшін сәнденіп киініп алған. 6 немере, 10 шөбере, 1 шөпшек сүйіп отырған әжей әлі өзі шәй құйып ішетін жағдайда. Сайлаудан да қалып көрген емес.  Комиссия мүшелері бұл жолы бюллетень жәшігін қарияның үйіне апармақ болған. Бірақ әжей келіспепті. 114 жасында сайлау учаскесіне өз аяғымен келген Қазына әжейге бүгін құрмет те ерекше болды.