Еліміздің өнер жұлдыздары сайлаудан шет қалған жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің өнер жұлдыздары сайлаудан шет қалған жоқ

Еліміздің өнер жұлдыздары сайлаудан шет қалған жоқ

Кілең әнші, әртістер бүгін өзінің сайлау участкелеріне барып, қалаған үміткерлеріне дауыс берді.

  • 27 Сәуiр 2015
  • 285
Фото - Caravan.kz

Отандық кино әлемінің тарланы Асанәлі Әшімов пен белгілі скирпкашы Жәмилә Серкебаева бір сайлау учаскесінде тіркелген екен. Әнші Айқын Төлепберген мен тағы бір әртіс Фархад Абдрайымов та қалаған үміткеріне қолдау білдіріп, белсенділік танытты. Сондай-ақ, белгілі әнші Қайрат Нұртас та Елордадағы сайлау участкелерінің бірінде өз таңдауын жасады. Ал атақты «Досмұқасан» ансамблінің мүшесі Ақжол Мейірбеков дауыс беруге әйелі мен немересін ертіп келген. Әнші бірде бір сайлаудан қалмағанын мақтанышпен айтты.

Ақжол Мейірбеков, әнші:

-Біреу бүгін жұмыс сапарымен бір жерге кетті. Біреуі ұйқыдан енді тұрды. Түнгі қызметтен келген. Қазір келіп дауыс береді. Келінім келеді. Біз немеремізбен келдік. Бұл дәстүр.