Шетелдегі қазақтар да дауыс берді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шетелдегі қазақтар да дауыс берді

Шетелдегі қазақтар да дауыс берді

Президент сайлауына шетелдегі отандастарымыз да белсенді қатысуда. Өзге мемлекеттер аумағында ашылған 65 сайлау учаскесіне ағылған қазақстандықтар жетіп артылады.

  • 27 Сәуiр 2015
  • 241
Фото - Caravan.kz

Мәселен, Ұлыбританиядағы отандастарымыз ерекше белсенді. Қазақстан елшілігінің жанында ашылған учаскеге «Болашақ» бағдарламасымен білім алып жүргендер бірінші болып келді. Оқу орындары Лондоннан екі сағаттық жерде болса да, оған қарап жатқандары жоқ. Одан өзге Дулат Исабековтың пьессасын Шекспир отанында сахналауға аттанған театр труппасы да болашақ президентті сайлауға қатысты. Ұлыбританиядағы қазақстандық электорат дауыс беріп қана қоймай, бюллетеньдер салынған жәшік жанында суретке түсіп, елшіліктің жайған қазақы мол дастарханынан дәм татты.

Жігер Байділдин, студент:

-Мен «Болашақ» бағдарламасының Ұлыбританиядағы стипендиянтымын. Қазақстан елшілігінің қызметкерлері бізді өте жақсы қарсы алды. Сайлау өте жоғары дәрежеде ұйымдастырылған.