Шымкентте халықаралық әуежай салынады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте халықаралық әуежай салынады

Шымкентте халықаралық әуежай салынады

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ еншілес ұйымы «AirportManagementGroup» ЖШС және ОҚО әкімдігі Шымкент қаласында халықаралық әуежай салу жөніндегі меморандумға қол қойды, деп хабарланған «Қазақстан темір жолы» ҰК» сайтында.

  • 27 Сәуiр 2015
  • 453
Фото - Caravan.kz

Жобаны жүзеге асыру аясында жолаушылар және жүк терминалдарын құру жоспарланған. Жоба тұжырымдамасына сәйкес, жаңа терминалдар темір жолмен, автобус стансаларымен және салынып жатқан көлік-логистикалық орталығымен кіріктіріледі. Әуежайды дамытудың мұндай бағдары Қазақстан аумағында алғаш рет пайдаланылады.

Аумағы 34 000 шаршы метрді құрайтын жолаушылар терминалының құрылысы екі кезеңмен жүргізілмек. Бұл оның жолаушыларды өткізу қабілетін жылына 2,5 млн. дейін жеткізуге жол ашады. Жүк терминалы базасында көлік-логистикалық орталығымен ықпалдасып авиалогистикалық хаб дамиды. Онда өзінің уақытша сақтау қоймасы мен кедендік бақылау пункті бар. Құрылыстың алғашқы кезеңін 2020 жылға дейін жүзеге асыру көзделген.


Жобаға салынатын инвестицияның жалпы көлемі 143 млн. АҚШ долларына бағаланған. Қосымша 1000-нан астам жұмыс орнын ашу жоспарланған.