ҚР Президенті сайлауының нәтижесі 3 мамырдан кешіктірілмей белгілі болады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Президенті сайлауының нәтижесі 3 мамырдан кешіктірілмей белгілі болады

ҚР Президенті сайлауының нәтижесі 3 мамырдан кешіктірілмей белгілі болады

ҚР Президенті сайлауының нәтижесі 3 мамырдан кешіктірілмей белгілі болады. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті.

  • 27 Сәуiр 2015
  • 360
Фото - Caravan.kz

«Сайлау туралы заңға сәйкес 26 сәуірде өткен Қазақстан Республикасының Президентін сайлаудың соңғы нәтижесімен Орталық сайлау комиссиясы сайлаудан кейін жеті күн мерзімнен, яғни 2015 жылғы 3 мамырдан кешіктірмей белгілеуі тиіс», — деді Қ.Тұрғанқұлов.

Айта кетейік, кезектен тыс президенттік сайлауға дауыс беруге құқы бар Қазақстан азаматтарының 95,22 пайызы қатысты. Алдын ала деректерге сәйкес Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайлаушылардың 97,7, Тұрғын Ысқақұлы Сыздықов — 1,6 және Әбілғазы Әлиақпарұлы Құсайынов — 0,7 пайыз дауысын жинады.